Меню

Страницы

Статья

Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы

Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы  1969 жылы  24 желтоқсанда   Батыс Қазақстан Қазақстан облысы, Камен ауылында  дүниеге  келген. Ұлты қазақ. Білімі  жоғары. К.А. Тимирязева атындағы Мәскеу  ауылшаруашылығы Академиясын, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-тін  бітірген. Мамандығы «Ғалым агроном», агроэколог, экономика.

   1998-2021 жылдары   Ресей ҒЗИ –да  аға ғылыми  қызметкері,  БҚАТУ-де агрохимия кафедрасының  аға оқытушысы, агробизнес және экология факультеті деканының орынбасары, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ стандартификация және  сертификация кафедрасының аға оқытушысы, агробизнес және экология факультетінің  деканы, ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылыми жұмыстар бойынша проректор, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры.      

   Батыс Қазақстан облысы мәслихатының 6, 7-ші шақырылымдарының  депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. 

Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ғалым, аквамәдениет саласындағы инновациялық әзірлемелері үшін әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың аймақтағы жалғыз лауреаты. ҚР ЖБҒМ бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру жобаларын, шаруашылық-шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру тәжірибесі бар. Топырақ микробиологиясы, өнеркәсіптік аквамәдениет және экология бойынша ғылыми мектептердің жетекшісі.

Университеттің дамуына ерекше көңіл бөледі. БҚУ-да 6 мыңнан астам студент және 760 қызметкерлер, 300 ерікті студент және 200 студент дебатер бар. 62 қызметкер ҚР және РФ жетекші жоғары оқу орындарына докторантурада оқуға жіберілді. Жыл сайын білім беру сапасын жақсарту үшін университетке 10-нан астам шетелдік профессорлар тартылады. Азаматтарды қабылдауды белсенді жүргізеді, жеке қаражатынан мұқтаж жандарға көмек көрсетеді, "Мектепке жол" және "Ардагерлерді ардақтайық" қайырымдылық акцияларына қатысады. "AMANAT" партиясы жанындағы экология жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, Орал қаласының №7 ЖОББМ Қамқоршылық кеңесінің, "Облыстық клиникалық аурухана" ММ Байқау кеңесінің мүшесі болып табылады.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары