Меню

Страницы

Статья

Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы

Измуханбетова  Софья Салахиденовна 1964 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1986 жылы Орал қаласындағы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 1986-1987 оқу жылында Атырау облысы, Новобогат ауданы, Исатай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 31 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санатты мұғалім. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 1993 жылы «Жыл сынып жетекшісі» байқауына қатысып, ауданнан I орын, облыстан I орын алып, республикалық сайыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1996-2008 жылдары Орал қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2003 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасында жүлделі I орынға ие болған.

2002 жылдан бастап Қазақстан Оқу Ассоциациясының, 2006 жылдан бастап Халықаралық Оқу Ассоциациясының мүшесімін. 2004 жылдан бастап Қазақстан Оқу Ассоциациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша тренері.

2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін Орал қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беру мектебінде директор болып жұмыс жасаған.

2010 жылы қыркүйек айында «Оқушылардың зерттеушілік әрекеттері арқылы коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 31.03.2011 жылы №3 хаттамамен куәлігін алған. Отызға жуық ғылыми мақалаларым қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған.

2011 жылдан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры болып жұмыс жасайды. Институтта бүгінгі заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  4055 мұғалім және «Тиімді оқыту» курстары бойынша 1532 мұғалім біліктілігін арттырды. Бұл курстар бойынша институт республикада алдыңғы қатарда.

Институт басшысы ретінде Оңтүстік Корея, Сингапур елдерінде біліктілігін арттырған.

2010 жылы Алматы қаласы «Ғылым» баспасынан шығарылған  Қазақстан Республикасы  білім саласының үздік қызметкерлері енгізілген «Сердце, отданное детям» кітабына есімі енгізілген.

 

1994 жылы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған.

2011 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен  және «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы»  медалімен марапатталған.

2014 жылы «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталған.

2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы»  медалімен марапатталған.

2017 жылы «Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы»  медалімен марапатталған.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары