Меню

Страницы

Статья

Құрманғалиев Мирболат Қуанышұлы

Құрманғалиев Мирболат Қуанышұлы 1962 жылы 16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданы (қазіргі Ақжайық ауд.)  Верхнее Вологино (қазіргі Алғабас) ауылында дүниеге келді.

1979 жылы  Верхнее Вологино ауылындағы орта мектепті тәмамдап, 1980-1986 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс инженері» мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алды.

            1986 жылдан 1987 жылға дейін ПМК-6 «Уральсксельстрой» тресінде мастер, кейін прораб болып жұмыс істеді.

            1987 жылдан 1999 жылға дейін «Алғабас» кеңшарында аға прораб болды.

            1995 жылы негізгі бағыты асыл тұқымды мал өсіру болып табылатын «Сәбит» шаруа қожалығын құрды. 2013 жылы «Жаңақала» зауыттық үлгідегі Көшім тұқымды жылқының бірлескен авторы ретінде №2905 куәлігін алды.

            1999-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында гараж бастығы қызметін атқарған.

            2000-2001 жылдары «International Support Services Limited» компаниясында құрылыс жұмыстары бойынша маман болып жұмыс істеген.

            2001 жылдан 2005 жылға дейін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясында құрылыс инспекторы қызметін атқарды.

            2005-2014 жылдары құрылысты қадағалау инженері қызметіне ауыстырылды.

            2014-2017 жылдары құрылысқа жетекшілік ететін аға инженер болып жұмыс істеді.

            2018 жылдан 2023 жылға дейін «Елжас» ЖШС құрылыс компаниясының директоры болды. 2023 жылдан бастап аталған серіктестікте кеңесші қызметін атқарады.

            Әр жылдары алғыс хаттармен, грамоталармен, ордендермен марапатталған, атап айтқанда:

            2005 жылы Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтағы қызметі және сайлауалды іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі қызметі үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатын алды.

            2015 жемісті еңбегі, сонымен қатар еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының алғыс хатын алды.

            2018 жылы елеулі еңбегі үшін «Табыс жұлдызы» орденімен марапатталды.

            2018 жылы Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан көп жылғы жемісті қызметі үшін «Қазақстанның құрметті азаматы» қоғамдық құрмет белгісімен марапатталды.

            2019 жылы Орал қаласы күнін мерекелеуге арналған мәдени бағдарламаны ұйымдастыруға қосқан үлесі, сондай-ақ халықтың рухани-мәдени дамуына қолдау көрсеткені үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімдерінің алғыс хатына ие болды.

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы