Идиятов Сержан Серікұлы 1976 жылы 03 мамырда Орал облысы, Жымпиты ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1993-1997 жж Батыс Қазақстан аграрлық университеті біліктілігі: агроном 2001 - 2002 жж. М. Өтемісова біліктілігі: заңгер. Еңбек жолын 1997 - 1998 жж. "Арасан"ЖШС менеджері; 2002 – 2006 жж. маман, "Broker Service"ЖШС директорының орынбасары; 2006 – 2012 жж. "Universal Customs Service"ЖШС директоры; 2004 – 2014 жылдары "Идиятов С. С." ЖК директоры "Теректі"Ш/Қ болып қайта құрылды; 2014 ж. - қазіргі уақытқа дейін "Теректі"Ш/Қ басшысы; 2018 ж. - қазіргі уақытқа дейін. "Ыстық жүрек" жеке қайырымдылық қорының президенті.
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Батыс Қазақстан облысы Өңірлік кеңесінің мүшесі;
"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облысының саяси бюросының мүшесі;
"AMANAT" партиясының экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Батыс Қазақстан қоғамдық кеңесінің төрағасы;
"AMANAT" партиясы жанындағы Батыс Қазақстан Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы;
Жаханшы Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
Теректі ауылы орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.