Меню

Страницы

Статья

Салықов Ербол Ғұмарұлы

Салықов Ербол Ғұмарұлы 1964 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданы, Новая – Казанка селосында дүниеге келген, білімім жоғары, ұлты қазақ.

1985 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механизациялау факультетін бітірді.

Еңбек жолымды 1985 жылы Орал мемлекеттік аң аулау кәсіптік шаруашылығында бас инженер болып бастады.

1986-1991 жылдары Жаңақала аудандық комсомол комитетінің I хатшысы қызметінде жасаған. 1991-1993 жылдары «Орал» шағын кәсіпорынында директор, 1993-1998 жылдары Жаңақала ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, 1998-2002 жылдары Жаңақала ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2002-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, 2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2004-2006  жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2006 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың ақпан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2016 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығын басшысы. 2019 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың қараша айына дейін «Ақжайық ФК» ЖШС-нің директорының кеңесшісі қызметінде, 2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

2009 жылы «Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Жаңақала ауданының Құрметті азаматы және ҚР құрметті жерге орналастырушы атағы берілген.

Отбасылы, жұбайы және үш баласы бар.

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары