Азамат Гимранұлы Бисенов 1987 жылы 10 маусымда БҚО Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ университетін, Ресей халық шаруашылығы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мамандығы – «менеджмент», Мемлекеттік қызмет бизнесі саласын басқару.
2010-2012 жылдары Орал қаласындағы «Уралагрореммаш» АҚ зауытында экономист болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап «Уралагрореммаш» АҚ зауытында экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент.
6 шақырылған Орал қалалық мәслихатының депутаты. 2021 жылдан бастап 7 шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.
2021-2022 жылдар кезеңінде кәсіпорын 351,0 млн. теңге сомасына салық аударымдарын төледі. 2022 жылы 113 жұмыс орны құрылды.
Депутат 8,0 млн. теңгеге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетті.