Меню

Страницы

Статья

Баяхов Әліби Науханұлы

Баяхов Әліби Науханұлы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры.    19 мамыр 1965 жылы  Ақжайық ауданы Калмыково ауылында дүниеге келген. Қазақ.  Үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр. Білімі жоғары: зооинженер,  заңгер. 

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының  корреспондент-мүшесі,  Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының  академигі.

"Батыс Қазақстанның инженерлік ғылым және білім жаңалықтары" ғылыми-техникалық жорналы редакторының орынбасары. Ғылыми саласы: агроөнеркәсіп кешені, биотехнология және энергия үнемдеу технологиялары. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, 3 монография, Республикалық оқу-әдістемелік комиссия ұсынған 3 оқу және 2 электрондық оқу құралының  авторы. Ақжайық ет-жүнді кроссбред  қой тұқымы, БАЛИ -1395; БАК-4087, БҚАТУ зауыттық  желілерінің  және ақжайық қойларының етті типінің  авторы, 4 патент  иегері. Ғылыми тағылымдамадан Дюссельдорф қ. ҒЗИ (Германия) және Беларусь Республикасы Ғылым академиясының жанындағы генетика және цитология институтында өтті. "Архимед-2018" XXI Мәскеу халықаралық өнертабыстар және инновациялық технологиялар салонының  Алтын және Күміс медальдармен марапатталды. «Ялта өркениет клубының және ашық өркениет диалог» университетінің мүшесі Мәскеу, РФ.

"Жаңару"сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы - 2017". Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "Ы. Алтынсарин" атындағы, "Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытудағы еңбегі үшін" төс белгілерімен  және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары