Батпакулова Гульмира Аскарқызы, 1978 жылы 1 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылында дүниеге келген. Переметный орта мектебін 1995 жылы аяқтаған.
2000 - 2001 жылдары бухгалтерлік курсты, тігінші, шаштараз мамандықтарын оқып меңгеріп, М.Өтемісов атындағы БҚМУ – тін мұғалім-психолог мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылдан бастап, бастамашыл топтың қолдауымен «АРБА» «Тірек қимыл функциялары бұзылған азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігін құрып, басшылық етіп келеді. 2021 жылдан бастап, 7-ші шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.