Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.Нұрланов, қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

  1. Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданыбойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық  және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жылыой ауданының жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №35-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Депутаттар аталған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланды.