
Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 42 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттер туралы есеп берді. Баяндамада аудан экономикасының өсімі, әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстар, инфрақұрылымды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы шаралар қамтылды.
Екінші мәселе бойынша Жылыой аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Үшінші және төртінші мәселелер аясында мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы кезеңге жоспарлар айқындалды.
Бесінші мәселе бойынша аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан шаралар қаралып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Алтыншы мәселе аясында 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланып, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы бойынша ұсыныстар айтылды.
Жетінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту қаралды.
Сегізінші мәселе ретінде аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қаралды.
Сессия барысында депутаттар тарапынан көтерілген сұрақтар негізінен әлеуметтік нысандарды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, бюджет қаражатының тиімді игерілуі және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне қатысты болды. Ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.