
2026 жылғы 29 маусымда сағат 11:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті, алпыс тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
1) Жуалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген фунуциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі;
2) 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы;
3) Ақтөбе, Көкбастау, Қызыларық және Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі;
4) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жағдайында аудандық ауыл шаруашылығының дамуы мен жай-күйі туралы;
5) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6) Әр түрлі мәселелер.
Кезекті тыс, сессия отырысына аудан әкімі Ж.Мұртаза, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.