
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс жетінші сессиясы өтті
2026 жылғы 22 мамырда сағат 16:15-те аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, алпыс жетінші сессиясы өтті.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
1) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын және жұмыс тобының құрамын қайта құру туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
3) «Арнайы комиссия құрамын қайта құру туралы».
Кезектен тыс, сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Асабаев, аудан әкімі аппараты басшысының м.у.а. Н.Совет және тиісті бөлім басшысы қатысты.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.