Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясы өтті


            2026 жылғы 08 мамырда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

            1) Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;

            2) «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

            3) «Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

            Кезектен тыс, сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Жатқанбаев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы және тиісті бөлім басшысы қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.