Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының  кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясын шақыру туралы

2026 жылғы 8 мамырда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс,  алпыс алтыншы сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
  2. «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Әр түрлі мәселелер.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 15:00-де өтеді.