Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, алпыс төртінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, алпыс төртінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, алпыс төртінші сессиясы өтті


            2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:50-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті, алпыс төртінші сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

            1) Жуалы ауданында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есебі;

            2) Б.Момышұлы ауылы және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі;

            3) Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмлетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

            4) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 58-3 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

            5) «Жуалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №59-4 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы.

            Кезекті сессия отырысына аудан әкімі Ж.Мұртаза, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.