
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпысыншы сессиясы өтті
2026 жылғы 27 қаңтарда сағат 15:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, алпысыншы сессиясы өтті.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
1) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.