Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу сегізінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу сегізінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу сегізінші сессиясы өтті


            2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 16:10-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті, елу сегізінші сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

            1) Жуалы аудандық мәслихат төрағасының есебі;

            2) 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

            3) Ақсай, Жетітөбе, Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі;

            4) 2026 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

            5) Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 19-6 «Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»  шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

            6) Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №35-3 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

            7) 2025-2029 жылдарға арналған Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы.

            Кезекті, сессия отырысына аудан әкімі Ж.Мұртаза, аудан әкімінің орынбасары Қ.Жатқанбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл әкімі, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері  қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.