Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан  халқының назарына!

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу сегізінші сессиясын шақыру туралы

        2025 жылы 22 желтоқсанда сағат 16:10-дa аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу сегізінші сессиясы өтеді.

        Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Жуалы аудандық мәслихат төрағасының есебі;
  2. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
  3. Ақсай, Жетітөбе, Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі;
  4. 2026 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  5. Әр түрлі мәселелер.

        Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді.