Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу бірінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу бірінші сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу бірінші сессиясы өтті


            2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті, елу бірінші сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 30 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Жергілікті атқарушы органның Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі;
  3. Ақтөбе, Билікөл және Боралдай ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі;
  4. Аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Асемовтың атқарған жұмыстары туралы есебі;
  5. Әр түрлі мәселелер.

            Кезекті сессия отырысына аудан әкім, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдері, аудандық мекемелер, ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар басшылары қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.