Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу бірінші сессиясы өтеді

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының  кезекті, елу бірінші сессиясы өтеді

 

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының

кезекті, елу бірінші сессиясы өтеді

2025 жылы 29 қыркүйекте сағат 16:00-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, елу бірінші сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 30 желтоқсандағы
    «2025-2027 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Жергілікті атқарушы органның Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі;
  3. Ақтөбе, Билікөл және Боралдай ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі;
  4. Аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Асемовтың атқарған жұмыстары туралы есебі;
  5. Әр түрлі мәселелер.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:00-де өтеді.