Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс елуінші сессиясы өтеді
2025 жылы 15 қыркүйекте сағат 10:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, елуінші сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы, Қайрат, Қарасаз елді мекендеріндегі кейбір құрамдас бөліктерді қайта атау туралы.
- Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы, Қайрат елді мекендеріндегі кейбір құрамдас бөліктерге жаңа атау беру туралы.
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.