Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс, қырық сегізінші сессиясы өтеді
2025 жылы 18 тамызда сағат 15:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, қырық сегізінші сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
- «Аудандық бюджет комиссиясының құрамын және аудандық бюджет комиссиясының «Ережесін» бекіту туралы».
- «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кенесінің құрамын құру туралы».
- «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын және жұмыс тобының құрамын қайта құру туралы».
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 18 тамызда сағат 15:00-де өтеді.