Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезекті, қырық алтыншы сессиясы өтті
2025 жылғы 30 маусымда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, қырық алтыншы сессиясы өтті.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
- «Жуалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы».
- «2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы».
- «Мыңбұлақ, Күреңбел және Қызыларық ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы».
- «Аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі».
- «Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» .
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.