ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР! ҚҰРМЕТТІ ЖІТІҚАРАЛЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР! ҚҰРМЕТТІ ЖІТІҚАРАЛЫҚТАР!

Аудандық мәслихат депутаттарының атынан сіздерді Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің тарихымызда батылдықтың, табандылықтың және  қажымас рухтың символы ретінде мәңгі қалды. 

Жеңіске біз миллиондаған адам өмірінің үзілуімен жеттік және біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған адамдардың батылдығын  мәңгі есте сақтаймыз.

Қазақстандықтар Жеңіске үлкен үлес қосты: миллионнан астам адам майданға аттанып, мыңдаған адам қайтып оралмаған, бірақ біздің жадымызда мәңгі қалады. 

Бүгін бейбіт аспанның астында өмір сүріп жатқанымыз— әрбір жауынгердің, әрбір тыл еңбеккерінің еңбегі.

Жеңіс ұрпағының ерлігі бізді жасампаздыққа, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шабыттандырсын. 

Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, бастарыңызға амандық пен бейбіт аспан тілеймін!

 

Жеңіс Күні құтты болсын! 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы:                                                           Уразалинов Н.З.