2024 жылғы 6 қарашасында сағат 11:00 Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 104 «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 «Жітіқара ауданы Пригородный ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 109 «Жітіқара ауданы Приречный ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 114 «Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2024 жылғы 20 ақпандағы № 121 «Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2020 жылғы 24 маусымдағы № 422 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 75 "Мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратты орналастыру күні: 01.11.2024 ж.