Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

2026 жылғы 1 шілдеде жарияланған үзілістен кейін  Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы мәслихат төрағасы Уразалинов Нұрлан Зарлықұлының төрағалығымен өз жұмысын жалғастырды.
     Сессия барысында депутаттар Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №248 «Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы, сондай-ақ «Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» жаңа шешім жобасын қарады.
     Сессия жұмысына Жітіқара ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасары, қала әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша депутаттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.