
2026 жылғы 29 маусымда Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттармен мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 "Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 248 «Жітіқара ауданы бойынша қатты тұрмыстық заттарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы, Жітіқара ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған халық үшін тарифтерді бекіту туралы, Жітіқара ауданының 2026 жылға арналған жер комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессия жұмысында үзіліс жарияланған.
Жұмысқа Жітіқара ауданының әкімі, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, Жітіқара ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы, қала әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.