
2026 жылғы 25 маусымда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Айбол Рахымғалиұлы Смағұловтың төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихаты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Депутаттар мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 "Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы мәселені қарады. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Амина Икзикқызы Шиныбекова баяндама жасады.
Комиссия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.