
2026 жылғы 22 мамырда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы мәслихат төрағасы Нұрлан Зарлықұлы Уразалиновтың төрағалығымен өтті.
Сессия барысында депутаттар Жітіқара ауданының, Жітіқара қаласының, сондай-ақ Жітіқара ауданындағы ауылдар мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді қарап, бекітті. Баяндамалармен Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, отырыс барысында Жітіқара ауданының жергілікті бюджеттік комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу, Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамын бекіту, сондай-ақ 2026 жылға арналған Жітіқара аудандық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессия жұмысына Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.