
Сіздерді Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының және жеке өзімнің атымнан Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл күн Отанымызды мақтанышпен қорғаған халықтың қайсарлығын, батылдығын, отансүйгіштігін бейнелейді. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтап, қорғап келе жатқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз.
Еңбегіңіз әрқашан жемісін беріп, өміріңіз бақыт пен берекеге толы болсын! Әрқашан аспанымыз тыныш болып, отбасыларыңыз махаббат пен қамқорлыққа толы болсын.
Мереке құтты болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Жітіқара аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов