Кезектен тыс сессия

Кезектен тыс сессия

2026 жылғы 30 наурызда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

            Сессияда депутаттар Жітіқара ауданындағы Забелов, Милютин, Пригородный, Приречный, Чайковский, Большевик ауылдық округі, Мүктікөл ауылдық округі, Степной ауылдық округі, Тоқтаров ауылдық округі ауылдарының бюджеттерін нақтылау мәселелерін қарады, сондай – ақ

қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы консультациялық – кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізілді.

            Сессия жұмысына Жітіқара ауданының әкімі және оның орынбасарлары, Жітіқара ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

            Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

            Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.