2026 жылғы 18 ақпанда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар Жітіқара ауданының бюджетін, Жітіқара қаласының бюджетін нақтылау жөніндегі мәселені қарады, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамдарына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияларға, учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілді№
Сессия жұмысына Жітіқара ауданының әкімі және оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.