Осы жылдың 25 ақпанында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қоғамдық тыңдау өтті.

Осы жылдың 25 ақпанында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қоғамдық тыңдау өтті.

2026 жылдың 25 ақпанында Айбол Рақымғалиұлы Смағұловтың төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Депутаттар «Жітіқаракоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде бәсекелестік ортага беру мәселесін қарастырды.

Кәсіпорынның тағдыры отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. Талқылау барысында депутаттар жекешелендіруге мүлдем қарсы болды, халыққа тұрақты қызмет көрсетуді және мүліктік кешенді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік меншікті сақтау қажеттілігін алға тартты. Қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттар «Жітіқаракоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнын бәсекелестік ортага беруден бірауыздан қарсы дауыс берді.