Нұрлан Зарлықұлы Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Нұрлан Зарлықұлы Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

           2026 жылғы 18 ақпанда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Нұрлан Зарлықұлы Оразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

             Сессияда депутаттар Жітіқара ауданының бюджетін нақтылау мәселесін қарады, "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы", "Жітіқара қаласының бас жоспарын бекіту туралы", "Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары туралы", "Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының елді мекендері бойынша салық салу мақсаттары үшін жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы", "Жітіқара ауданының 2026 жылға арналған жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы", "Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру туралы", "Жітіқара ауданы әкімдігінің дербес құрамын Жітіқара аудандық мәслихатымен келісу туралы", "Жітіқара ауданының жергілікті бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізілген.

                Сессия жұмысына Жітіқара ауданының әкімі және оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары және Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.

               Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

               Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.