Объявление

Объявление

2026 жылғы 18 ақпанда сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 "Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  2. Жітіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 246 "Жітіқара қаласының бас жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Мәслихаттың 2025 жылғы 17 қазандағы № 329 "Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Мәслихаттың 2025 жылғы 17 қазандағы № 330 "Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының елді мекендері бойынша салық салу мақсаттары үшін жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 365 "Жітіқара ауданының 2026 жылға арналған жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  7. Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 75 "Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтау мәніне әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 "Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  9. Мәслихаттың 2007 жылғы 19 наурыздағы № 419 "Жітіқара ауданы әкімдігінің дербес құрамын Жітіқара аудандық мәслихатымен келісу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  10. Мәслихаттың 2025 жылғы 15 мамырдағы № 296 "Жітіқара ауданының жергілікті бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.