Конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша актив өткізілді

Конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша актив өткізілді

         2026 жылғы 02 ақпанда бейнеконференцбайланыс (БКС) форматында Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы Ищановтың төрағалығымен Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғановтың, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары мен депутаттарының және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша актив өткізілді. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша елде ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Жаңа Конституцияның жобасы егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.