Жаңа 2026 жыл құтты болсын!

Жаңа 2026 жыл құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

 Аудандық мәслихат депутаттарының атынан және өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл-үміт, жаңа жоспарлар мен ұмтылыстар уақыты. 2026 жылы Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін барлық бастамаларыңызда өркендеу, амандық пен сәттілік серік  болсын. Ол сіздің үйлеріңізге бейбітшілік, келісім және қуаныш әкелсін!

Жаңа жыл қарсаңында өз еңбегімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ортақ үйіміздің дамуына үлес қосатындардың барлығына ерекше алғыс білдіргім келеді. Біздің бірлескен күш – жігеріміз бен бей-жай қарамауымыз - табысты болашағымыздың негізі.

Біз бірге кез-келген, тіпті ең өршіл жобаларды жүзеге асыра аламыз. Ең бастысы-өзіңізге сену, қол жеткізген жетістіктермен  тоқтап қалмау және әрқашан жаңа білім мен мақсаттарға ұмтылу.

Жаңа жыл сізге одан да артық қуаныш, күлкі мен мақтаныш сезімін әкелсін! Барлық қиындықтардың артта қалуын және алда тек жарқын және бақытты күндердің болуын тілеймін. Жаңа жылдың әр сәті сиқыр мен шабытқа толы болсын!

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                                         Н. Уразалинов