Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы

2025 жылғы 25 желтоқсанда Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

Отырыстың негізгі тақырыбы 2026-2028 жылдарға арналған Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау болды. Депутаттар бюджеттердің негізгі параметрлерін талқылады, қызықтырған сұрақтарын қойды және атқарушы органдар өкілдерінен түсініктемелер алды.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, Жітіқара қаласының әкімі, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.