2025 жылғы 17 қарашада Уразалинов Нұрлан Зарлықұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Депутаттар 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселені қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша салық мөлшерлемесін 4% - дан 3% - ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Шешім 2026 жылдың барлық есепті кезеңіне қолданылады және Жітіқара ауданының кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған.