
Көптен күткен жоба - емхана ғимаратының жөнделуі. Ағымдағы жылдың 20 қазанында аудандық мәслихаттың депутаттары: Уразалинов Н.З., Юсупова С.С., Ержанова О.И. Жітіқара орталық аудандық ауруханасына барды. Депутаттар мердігерлік ұйымның жұмысына мониторинг жүргізіп, кірме жолдарды, тұрақтарды жайластыруды, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділікті талқылады.