2025 жылғы 2 қазанда Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Комиссияда Милютинка және Приречное ауылдары әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері, сондай-ақ "Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысының 2025 жылғы атқарылып жатқан жұмысы туралы есебі қаралды.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.