2025 жылғы 24 шілдеде Уразалинов Нұрлан Зарлықұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының жұмыс отырысы өтті.
Депутаттар мәселелерді қарады:
- Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары туралы;
- Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының елді мекендері бойынша салық салу мақсаттары үшін жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы;
- Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 111 "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Отырыс жұмысына Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.