Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы

2025 жылғы 25 маусымда Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

Депутаттар мәселені қарады: «Аудандық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізу туралы».

Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.