Ағымдағы жылдың 28 мамырында Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттарымен азаматтарды Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов Президенттік кадр резерві мансаптық өсу мен басқару мәдениетін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер ашатынын атап өтті, өтінімдерді қабылдау жөніндегі науқанның басталуы, қатысу шарттары мен іріктеу критерийлері туралы айтты. Резервке жоғары білімі бар, В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді білетін, сондай-ақ кемінде 5 жыл жалпы өтілі бар 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары жүгіне алады.