
Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылған кезекті XLVІ сессиясы өтті. Сессия отырысына Жезқазған қаласының әкімі ҚайратШайжанов қатысып, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде 2026-2028- жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін жетілдіру, жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу,сондай-ақ мәслихат аппаратының ережесін бекіту сынды өзекті мәселелер қаралды.
Депутаттар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Қабылданған шешімдер қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды одан әрі жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.