
2026 жылғы 29 мамырда Жезқазған қаласында мониторингтік топ, қоғамдық кеңес мүшелері және Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Капарова қаладағы саябақтардың жағдайымен танысты.
Атап айтқанда, Жеңіс саябағы, Наурыз және Жастар саябағында болып, ондағы санитарлық жағдай, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта жасау мәселелері қаралды.
Мониторинг барысында жауапты коммуналдық мекеме өкілдері де қатысып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бағытында нақты тапсырмалар берілді.