2026 жылддың 19 ақпанында VIII шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Комиссия отырысын қалалық мәслихат төрағасы Раушан Қапарова ашып, жүргізді. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Жезқазған қалалық прокуратурасының прокуроры Әбу-Әли Қадырбеков, Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерлан Исмаганбетов, бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Олардың қатарында:
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы “2026-2028 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы ;
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы “2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы ;
- Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын 2026 жылы көрсету туралы;
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы “Жезқазған қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылдың 26 желтоқсандағы “Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылдың 26 желтоқсандағы “Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер сессия қарауына шығарылды.