
2026 жылдың 3 ақпанында Жезқазған қалалық мәслихатында “Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрдәулет Рахайдың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қала әкімінің орынбасары Аслан Арынов, Ұлытау облысының ТҮКШ басқармасының басшысы Алмаз Жандарбеков, қалалық мәслихат депутаты Роза Рымбаева, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Сабыржан Тембаев және мүшелері Эльвира Алпанбаева, Валерий Фомин, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мұрат Сейтқазинов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Марғұлан Сейдахметов, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы әрі Қоғамдық кеңес мүшесі Маруа Келмағанбетова, қалалық кесіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы әрі Қоғамдық кеңес мүшесі Қаныш Рамазанов, “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ филиалының өкілі Мейірбек Келген, “Самұрық Астана” АҚ басшысының орынбасары Арнай Ерболсынұлы, Батыс ауданының тұрғындары қатысты.
Аталған отырыстың күн тәртібінде Жезқазған қаласының газдандыру мәселесі және Жезқазған қаласының кәсіпкерлері арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде шарт жасалмағандығы туралы мәселесі қаралды.
Осы көтерілген мәселелер бойынша бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, “QAZAQGAZ AIMAQ”АҚ және “Самұрық Астана” АҚ өкілдеріне сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Отырыс кезінде қалалық мәслихат депутаттары газды Қарағанды облысынан емес, экономикалық тұрғыдан тиімді саналатын Қызылорда облысынан тарту жөнінде, Ұлытау облысында газдандыру бойынша “QAZAQGAZ AIMAQ” филиалын ашу, қала тұрғындарының газ орнату мәселелері бойынша сенімді мердігермен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу,сондай-ақ кәсіпкерлер арасында тұрмыстық қалдықтарды шығару барысын бақылауды күшейту және “Самұрық Астана” АҚ қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстар айтылды