
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Жезқазған қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 4 ақпаннан 2026 жылғы 18 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/documents/details/963907?lang=kk
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 ақпанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін. Жезқазған қалалық мәслихаты
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы-Қапарова Раушан Онқонысқызы.
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 39а.
Материалдарды жинауға жауапты: Сеилова Бибігүл Жалғасқызы, 415 каб., жұмыс тел. (87102)760358, электрондық пошта zhezmaslih@mail.ru .
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесінің атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
|
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |
Мәдени-демалыс орталығы, Гагарина 13 |
1 |
|
1 |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Момышұлы 12 |
5 |
|
2 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің Кеңгір ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Школьная 2 |
4 |
|
4 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Алашахан 15 |
2 |
|
10 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Марғұлан 50 |
1 |
|
11 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №9 мектеп-интернаты» КММ, Ержанов 11 |
4 |
|
12 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №8 гимназиясы» КММ, Анарқұлов 19 |
2 |
|
15 |
|
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің Малшыбай ауылының №15 негізгі орта мектебі» КММ, Алаш көшесі 4 |
1 |
|
16 |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Алашахан 15. |
1 |
|
17 |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Марғұлан 50. |
1 |
|
18 |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
«Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры» КМҚК, Сәтбаев 1 |
1 |
|
19 |
|
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, Бас жобалау институты Гагарин көшесі 6 |
2 |
|
20 |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жезқазған заң колледжі» КММ бұрынғы ғимараты, Пушкин 35 |
1 |
|
22 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Сейфулин к-сі 40 |
3 |
|
24 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №24 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Аманжолов 18 |
3 |
|
25 |
|
«Жезқазған гуманитарлық колледжі» КММ Гагарин көшесі 74 |
3 |
|
26 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің №26 гимназиясы» КММ Абай көшесі 30 |
2 |
|
28 |
|
«Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ, гуманитарлық-педагогикалық институтының корпусы, Анаркулов көшесі 12 |
2 |
|
29 |
|
«Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Шамшырақ 24 |
5 |
|
31 |
|
«Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» КМК, Иманжан 11 |
4 |
|
34 |
|
«Жезқазған бизнес және көлік колледжі» КММ, Гоголь 5 |
4 |
Жезқазған қалалық
мәслихатының төрағасы Р.Қапарова