Мектеп асханаларында тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.

Мектеп асханаларында тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.

Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Роза Рымбаева білім беру бөлімінің мамандарымен бірлесіп, мектеп асханаларындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында депутат оқушылардың сапалы әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз етілуі олардың денсаулығы мен жан-жақты дамуы үшін маңызды екенін айтты. Мониторинг қаладағы №3, №7 және №26 мектеп асханаларында өтті. Мектеп асханаларындағы тағамдардың сапасы санитарлық нормаларға сәйкес комиссияның тұрақты бақылауында болады.